«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Ақтөбе орта мектебі» КММ
0
«Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі»

2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» тақырыбында 2019 жылдың 5-12 қыркүйек аралығында апталық өткізілді. Мақсаты: тіл-ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.

 

Апталық барысында «Тіл-ұлттың қазынасы» А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эссе байқауы, «Ана тілім-алашымның айбыны» конференциясы, «Абай-дана, Абай дара қазақта» тақырыбында класс сағаттары, «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі мен іргетасы» полиглот ойыны, «Тілім менің-тұғырым» мәнерлеп оқу сайысы және апталықтың қорытындысы ретінде «Үш тілдің патшалығы» атты сыныптан тыс шара жоспарланды.

10 қыркүйек күніне жоспарланған «Ұлттық тіл-мәденеиттің негізі мен іргетасы» тақырыбындағы 5-6 сыныптар арасындағы полиглот ойыны Куватова Ж.А, бдыгалиева Г.А, Буцына Г.Г жауапты. Аталған ойын оқушылар арасында қызықты түрде ұйымдастырылды. Оқушылардың белсенділігі, тілді білуі жақсы. Нәтижесінде аталған іс-шара өз мақсатына жетті.