«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Ақтөбе орта мектебі» КММ
0
«Жаңартылған білім беру аясында бағалауға деген жаңаша көзқарас»

«Ақтөбе орта мектебі» КММ базасында 18.04.2019ж күні ҚҒӘО-ның жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру аясында бағалауға деген жаңаша көзқарас» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.

 

Семинардың мақсаты жаңартылған білім беру жағдайында, бағалаудың оқу процесі барысын дағы тиімділігі мен ерекшелегі төңірегінде  пән мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

 

Семинар барысында  «Lesson studu»  зерттеу сабағынан кіріктірілген сабақ 3 «а» класы  қазақ тілі –Усербаева А.С, орыс тілі -Кунсакова К.М,  ағылшын тілі -Габдыгалиева Г.А, музыка пәні-Махамбетова А.Н  кіріктірілген сабақ өткізді. 2 «а» класы  Әдебиеттік оқу пәнінен– Маханова Б.А  зерттеуші топ мүшелері,бастауыш класс мұғалімдері Арзакулова Б.А,Молдашева А,Смагулова Г.Б  «Lesson studu»  зерттеу сабағын өткізді.  Омельченко С.Н  1 «в» сыныбына дүниетану пәнінен, Горбачева А.В   3 «в» сыныбына әдебиеттік оқу пәнінен сабақтарын өткізіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

 

Мектеп көшбасшылары Жұбаева Л.О, Рсалиева Ж.М ұйымдастыруымен «Қалыптастырушы бағалаудың технологиялық тәсілдері» тақырыбында коучинг сессия өтті. Семинар соңында  ҚҒӘО директорының орынбасары К. Халетова, семинар жұмысын қорытындылады.