«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Ақтөбе орта мектебі» КММ
0
«Үздік жас ұстаз - 2019» мектепішілік байқауының сценарииі

Тақырыбы:  « Үздік жас ұстаз-2019»


Мақсаты:
 Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.


Уақыты:
наурыз, 2019 ж


Орны :
«Ақтөбе орта мектебі» КММ Акт залы
І Жүргізуші
:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ Жүргізуші:- «Үздік жас ұстаз-2019 » жас ұстаздар сайысына қош келдіңіздер!
І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.


І жүргізуші
:

«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.


ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Аяулым  ортамызда
Бақытын тауып жүр еңбектен.
І жүргізуші: Суйндыкова Аяулым  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»


Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің бір төресі,
Алып жүрген қазақ тілі сабағын


Рашидқызы Жаңылхан – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Еңбек етсең ерінбей , тояды қарның тіленбей .»
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Қайыржандай жаны ізгі жігіттер


І жүргізуші: Барақат Қайыржан Сейтқұлұлы  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Шаттық біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.


Айтимова Шаттық Манарбекқызы- биология пәні мұғалімі
 

Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге,Үлкен атақ содан келер кішіге»

Әсем бидің шебері.
Әрбір сөзі мәнерлі.
Баулыған әрбір өренді,
Алтынгүл біздің өнерлі
Молдашева Алтынгүл Асхатовна – бастауыш класс мұғалімі
Ұстанымы: « Біреуге ор қазба, өзің түсерсің »
Сабырлы, әрі салмақты,

Еңбекқор әрі талапты.

Мақсатқа жетпей талмайды
Айбек біздің жан – жақты


Өмірғалиев Айбек Баубекұлы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
.
Ұстанымы: «Алынбайтын қамал жоқ»


Өнеге мол сөзінде,
Өнері көп өзінде.
Ақ ниетті кең пейіл,
Дулаттың көр өнерін


Тарғынұлы Дулат
- математика пәні мұғалімі
Ұстанымы: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Шығатын әлі талай  шыңдарға.


Хайдар деген жігіт бар ортамызда
Каюмов Хайдар Рафаэлевич- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Болашақ бүгіннен басталады.»
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.


Ән:

Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Бабаниязов Жанат Садуақасович

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Жумагалиева Бану Алмасбековна

Мекте кәсіподағы төрағасы  Сулейменова Бағдагүл Жақсылыковна

Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.

Бірінші - Таныстыру сайысы

Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады. Бұл сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізіледі(қатысушы ән айту, өлең оқу, т.б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруына болады) және ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс.

 

1.Жүргізуші:

Екінші «Өнерлінің өрісі кең»

Бұл сайыстың мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу. Сайыскер өз қалауына қарай ән айтуы, би билеуі, көркем сөз оқуы, юмор немесе ерекше жанрлар арқылы өз өнері мен шығармашылық қабілетін көрсетеді (ұзақтығы 3-5 минут).

 

2.Жүргізуші:

Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»

Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.

 

1.Жүргізуші:

Төртінші «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы

 

1.Жүргізуші: Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін –   деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді.

 

2.Жүргізуші: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін-өзі таныстыруға кезек берейік.

Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
Таныстыру кезеңі

 

1.Жүргізуші: Жас мұраты білім, тәлім талабы.
Өнер, оқу – жастық қару жарағы – демекші бүгінгі сайысқа
қойылатын екінші  шарт өз өнерін көрсету. Жас мамандардың өнерін тамашалайық.

1 Жүргізуші: Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
2 Жүргізуші:
Келесі кезекте өнер сайысы:
Ескеріледі: - Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы
«Өнерлінің өрісі кең»

(өнер көосетіп болғасын)

Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей әділқазы төрелерге кімнің өнерлері ұнады екен, қане көрейік.(өнер сайысының бағаларын айту)

 

2.Жүргізуші: Осындай тапқыр достар кез-келген де,
Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?
Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!- деп құрметті қауым! Сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.

 

1.Жүргізуші:

«Білікті маман – Ел тірегі» демекші, Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтеді.

Алдымен Берілген бір тақырыпқа сабақ жоспарын құру

Белгілі бір тақырыпқа сабақ  жоспар құру.

 

2.Жүргізуші:

Ол  үшін тақырыптар суырасыздар. Сол тақырыпқа  сабақ жоспар құрасыздар.

 

1.Жүргізуші:

«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», - деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы жас ұстаздар

 

Жедел сұрақтарға жауап беру

  1. Орман емшісі (тоқылдақ)
    2. Аюдың баласы (қонжық)
    3. Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
    4. Математикада неше амал бар (4)
    5. Анамыздың туыстары бізге (нағашы)
    6. Қатып қалған су (мұз)
    7. Аптаның соңғы күні (жексенбі)
    8. Суда өседі тамыры жоқ (балдыр)
    9. Сөйлем неден құралады (сөзден)
    10. Дүние жүзіндегі халық саны ең көп мемлекет (Қытай)

 

  1. Жылқының сүті (қымыз)
    Қасқырдың баласы (бөлтірік )
    3. «26» неше таңбалы сан (екі)
    4. Ауданның өлшем бірліктерін ата (см. кв)
    5. Әкемнің әкесі маған (ата)
    6. Жыл мезгілдері нешеу (4)
    7. Абылай ханның шын аты (Әбілмансур)
    8. Қалталы жануар (кенгуру)
    9. Уақытты жылдамдыққа көбейткенде нені табуға болады
    (қашықтықты
    10.) Елбасымыздың мамандығы
    инженер - металлург

 

  1. Қабырғалары бірдей фигура (шаршы)
    2. Мойны ұзын жануар (жираф - керік)
    3. Астана қай өзеннің бойында (Есіл)
    4. Ең биік ағаш (секвойя Калифорниядағы)
    5. Қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер (мультфильм «Ну, погоди!»)
  2. Жартысы ащы, жарты бөлігі тұщы көл (Балқаш)
    7. Заң шығаратын орын (Парламент)
    8. Секіру жеңіл атлетиканың түріне жата ма? ( иә)
  3. 14 облыстан құралып тұрған ел (Қазақстан)
    10. Толып келіп бос кетеді. (қасық)

 

  1. Ауаның үштен екі бөлігін құрайтын газ (азот)
    2. Майлы, қоймалжың сұйық зат. Жанғанда күлі де қалмайды (Мұнай)

3 - Күштен екі есе ұтыс береді./Жылжымалы блок./
4 -«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінің авторы. /Қ. Мырзалиев/
5 -«Мұхтар Әуезовке мемлекеттік сыйлық не үшін берілді?/Абай жолы эпопеясын жазғаны үшін./
6 - Қазақ ең алғашқы ғарышкері./Т. Әубәкіров./
7 - Ауасыз кеңістік./вакуум./
8 - Америка материгін ашқан ғалым кім?/К.Колумб/
9 - А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы(Әліппе)
10. Жеті қазынаны атаңыз (ер жігіт, сұлу әйел, ілім – білім, жүйрік ат, құмай тазы, берік мылтық. Қыран бүркіт.)

  1. ҚР еңбегі сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында берілетін орден
    (Халық қаһарманы)
    2. Жеті атаны атаңыз.
    (бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, төрежат.)
    3. Мемлекеттік рәміздер бекітілген күн
    (1992 жыл, 4 маусым)
    4.Қазақтың соңғы ханы(Кенесары)
    5. Білім беру мекемесінің басты құжаты(Мектеп жарғысы)
    6. Я. А. Коменскийдің еңбегі(Ұлы дидактика)
    7. Бес арысты атаңыз
    (М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов,
    Ш. Құдайбердіұлы, М. Дулатұлы.)
    8. Қазақтан шыққан суретші қыз(Г. Исмайлова)
    9. Тарихтың атасы(Геродот)
    10. Қамшы сабын қандай ағаштан жасайды(тобылғы)

 

1.Мақал дегеніміз не? /сөз мәйегі/
2. Абайдың шын аты ? /Ибраhим/

  1. Рамазан айында қандай өлең айтылады? /Жарапазан/
    4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/
    5. Үш жүзді сайлаған кім?/Тәукехан/
  2. Мұқағали Мақатаевтың шын аты кім? /Мұхаммедқали/
    7. Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы/
    8. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев/
    9. Күй анасы кім? /Дина Нұрпейсова/
    10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/

 

1) Көңіл-күйің қалай?

2) Мамандығың өзіңе ұнай ма?

3) Сабаққа қалай дайындаласың?

4) Сенің мамандығың қандай?

5) Балаларды қаншалықты жақсы көресің?

6) Сенің тәлімгерің кім?

7) Ұжымдағы досың кім?

8) Ол қандай адам?

9) Тіл не үшін керек?

10) Бүгінгі сайыста кім мықты?

 

2.Жүргізуші:

«Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы

Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін ашу. Пікірлесіп көрейікші біз ашық,
Даурықпайық, берекесіз шуласып.
Жүгінейік ақиқатқа әрқашан,
Дос көңілмен ақтарыла сырласып.
Бәрімізді бей - жай қылған тақырып,
Сырласайық ой - теңізін сапырып.
Батыл болсын, анық болсын пікірлер.
Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып - деп сайысымыздың келесі кезеңі «Панорамалық сабақ» және «Менің педагогикалық қызметім» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскерлер өзінің жұмыс қызметіндегі бір сабақтан үзінді көрсетеді және өзінің педагогикалық қызметін қорғайды.
дәйекті негіздермен дәлелдейді:

Панорамалық сабақ (ұзақтығы – 7минут)

презентация «Менің педагогикалық қызметім»

 

1.Жүргізуші: Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.

Ескеріледі: - Жағдайды шешу шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі


Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін бастайық. Ойлануға 2 минут.)

1.Жүргізуші:

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін
деп сайысты аяқтамас бұрын әділ қазылар алқасын ортаға шақырып, жеңімпазды анықтайық.

 

2.Жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,
Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда білімді достар көп екен,
Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша «ән - шашуға» кезек берейік.

 

1.Жүргізуші: Ән “Ұстазым” орындайтын музыка пәнінің мұғалімі Негаев Айбар Хайдарұлы

Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар сайысының соңғы сөзін,
Естігенше біз енді асығамыз.
Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан ұстаздың есімін бірге білейік. Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл - қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.

.