«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Ақтөбе орта мектебі» КММ
0
«Сабақты зерттеу» (Lesson study)жобасын енгізу аясында Жапонияның сарапшысы Тошиа Чичибудың қатысуымен кездесу өтті.

2019 жылдың  11 желтоқсанында Назарбаев Зияткерлік мектебінде  «Сабақты зерттеу» (Lesson  study)жобасын  енгізу аясында Жапонияның сарапшысы Тошиа Чичибудың  қатысуымен  кездесу өтті.

Кездесуге мектебімізде зерттеу әрекетімен айналысып жұрген шебер ұстаздарымыз  Усербаева А.С мен  Габдыгалиева  Г.А. қатысты. Оларға   дөңгелек стол басында  Тошиа Чичибумен сұхбаттасып,  Lesson Study бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.

 

2019 жылдың 12 желтоқсанында №55 мектеп базасында Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтөбе қаласындағы филиалы  мен Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Сабақты зерттеу  - қазақстандық мектептер тәжірибесінен»  тақырыбында  ІІІ Өңірлік тәжірибелік конференция өтті. Конференцияның басты мақсаты – Ақтөбе облысы жалпы білім беретін мектептерінде "Сабақты зерттеу» Lesson Study әдісін мектептерде қолдану,  іске асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату болды.

 

Конференцияға сарапшы боп Жапонияның білім саласындағы ғылыми зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері  Тошиа Чичибу қатысты.Бұл конференцияға  Ақтөбе орта мектебінің екі  зерттеуші топ қатысып, «Сабақты зерттеу» үрдісінің ерекшеліктері бойынша  өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектебіміздің 8 ұстазы Усербаева АС, Кусакова КМ, Габдыгалиева ГА, Маханова БА, Аязова НК, Жұбанышев АТ, Хайруллаева МА, Рахметалина АТ конференцияға қатысып өз тәжірибелерін ортаға салды. Саралау барысында сарапшы мен конференцияға қатысушылардың берген үздік бағасы еленіп,Мектебіміздің зерттеу топтары  қосқан үлестері үшін  Педагогикалық шеберлік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.